Астана әкімдігі Абу-Даби Плазадағы сапасыз құрылысқа қатысты түсінік берді

28 Наурыз 2018, 16:08
Сурет: tengrinews.kz

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Абу-Даби Плаза кешенін салу барысында сапасыз материал қолданылып жатыр деген белгісіз ер адам түсірген видео роликті белсенді таратып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоғарыда айтылған видео, мамандардың айтуынша, болжаммен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінде түсірілген. Видео роликте көрсетілген құрылыс бағандарында ағаш төсеніштер пайдаланылған, бәлкім, бұл бамбуктан салынған. Сондай-ақ, бейнеде ғимараттың қасбетінде пайдаланылатын жабынды материал – экосетка анық көрінеді. Бұдан бөлек, видеода бұл құрылыс-монтаж жұмыстары жаз мезгілінде жүргізілгені анық көрінуде.

Көпфункционалды Әбу-Даби Плаза кешенін салу кезінде жоғарыда көрсетілген материалдар қолданылмайды. Қаламызда салынып жатқан нысанда құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы техникалық және авторлық тараптардан тұрақты негізде бақылауда. Сондай-ақ, инженерлік-техникалық қызметкерлердің қауіпсіздігі қатаң сақталуда.

Астана әкімдігі әлеуметтік желі қолданушыларын ескертеді, 2015 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енген, оған сәйкес жалған ақпарат беру, тарату және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?