Сәтпаев қаласында тұрғын үйдегі өрттен бір адам көз жұмды

3 Сәуір 2018, 12:51
Сурет: Хабар 24

Қарағанды облысындағы Сәтпаев қаласында тұрғын үйден шыққан өрт бір адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Хабар 24.

Сегіз пәтерлі тұрғын үйде шыққан қызыл жалынды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, тағы біреуін қауіпсіз жерге шығарды. 1965 жылғы ер азамат ыспен улану және денесін күйік шалуына байланысты ауруханаға жатқызылды. Пәтерден 1989 жылы туған азаматтың денесі табылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Жалпы үйде 19 адам өмір сүрген, оның 8-і бала. Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен тұрғындар жатақханаға орналастырылды, кейбіреулері туыстарының үйін паналауда, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?