ОҚО-да есірткіні көшеде сатқан күдікті ұсталды

today.kz today.kz
Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-не белгісіз азаматтың Шымкент қаласының аумағында есірткі сатып жүргені туралы хабар келіп түскен, деп жазады otyrar.kz.

ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылып жан-жақты жұмыстар атқарды. Нәтижесінде Шымкент қаласының 1973 жылғы тұрғыны «марихуана» есірткі затын сатып тұрған жерінен анықталып, ұсталды.

Ұсталған күдіктінің жеке басын тінту барысында оның ішкі қалтасынан жалпы салмағы 18 грамм «марихуана» есірткі заты және үйіне жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде жалпы салмағы 16 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз