Қостанай облысында ұйықтап жатқан ананың бауырындағы бес айлық сәби көз жұмды

stan.kz stan.kz
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөліміне («Абайсызда адам өлтіру») сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Қостанай облысы Сарыкөл ауылында таңертеу ұйқыдан оянған әйел баласының жансыз денесін көрген. Қайғылы оқиға 5 сәуір күні таңертең болды.

Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сарыкөл ІІБ-на сағат тоғыздар шамасында Сарыкөл ауылындағы үйлердің бірінде сәбидің жансыз денесі табылғаны туралы хабарлама келген.

«28 жастағы қостанайлық келіншек бес айлық сәбиін қасына емізіп жатып қалғып кеткен. Ол баласының қайтыс болып кеткенін таңертең ұйқыдан оянғанда білген. Сарыкөл аудандық ІІБ қызметкерлері әйелдің сол күні ішімдік ішкенін анықтады», – деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөліміне («Абайсызда адам өлтіру») сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз