Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады

alau.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2018 15:32 alau.kz
Кей жерлерінде тұман, екпінді жел сақталады.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, күндіз бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерінде тұман, екпінді жел сақталады.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдің екпіні 23-28 м/с, кей жерлеріне тұман болады, күндіз көктайғақ болжанған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: