Ақтөбелік дәрігерлер екпеден бас тартқан адамдардың үйін аралап жүр

Аktobenews.kz Аktobenews.kz
Ақтөбеде 2600-ге жуық бала екпе жасатпаған.

Ақтөбеде 2600-ге жуық бала екпе жасатпаған. Ата-аналардың басым бөлігі дінге, жеке бас пікіріне сүйенеді. Бүгін ақтөбелік дәрігерлер екпеден бас тартқандарды шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы №1 емханада иммундау апталығына байланысты халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Епкеден бас тартқан ата-аналар толық шақырылғанымен, олардың басым бөлігі келмеді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-04/thumbs/1523959990_000.jpg

«Қазақстанда жағдай қалыпты. Яғни, тұрғындардың 95-97 пайызы вакцина алып отыр. Егер екпеден бас тартқандар саны артып, пайыздық үлес төмендесе, кез келген ауру ошағы анықталуы мүмкін. Бала дүниеге келген күннен бастап күнтізбе бойынша 11 екпе жасалады. Көп аурудың алдын алуға ғана болады, бірақ емі жоқ. Аудандарға келер болсақ, Мұғалжар, Темір алда келеді. Ал Ақтөбе қаласында екпеден бас тартқандар белгілі бір жерге шоғырланған екен. Олар бір балабақшаға барады, ертең мектеп күтіп тұр. Біреуі ауырса, бәріне тарайды. Осының алдын алу үшін жұмыс істеу керек», — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-04/thumbs/1523960035_0000.jpg

Дәрігерлердің айтуынша, бас тартқан адамдардың көбі бейнематериалдарға сенеді. Ал сол бейнематериалдарды түсірген ғалымдарды табу мүмкін емес.

«Адамдар бізге емес, сол фильмдерге сеніп отыр. Проблема бар және ол ушығып келеді. Бір шара қолдану керек. Мәселен, Австралияда халықтың 90 пайызы вакцина алмай, олар әлеуметтік төлемнен қағылды. Содан кейін ғана халық жаппай екпе алды. Биыл бірінші тоқсанда бізде 130 баланың ата-анасы вакцинадан бас тартты. Біз бұрын бас тартқандарды көндіріп жатырмыз, ал жаңа туған баласына екпе бермегендер соның орнын толтырып тұр. Көбі перзентханадан бастап алмайды», — деді Светлана Есенаманова.

Кездесуге келген қала тұрғыны Дәуренбек аурудың алдын алуға вакцина көмектеседі дегенге күмәнмен қарайды. Әрі танысының баласы екпеден соң ауырып, денсаулығына кінәрат келген.

«Танысымның баласы ауру болып қалды. Мұны қалай түсінуге болады?», — деді Дәуренбек. Дәрігерлер вакцинаның қандай да бір кері әсері бар екенін жоққа шығармады. Сондықтан екпе алмас бұрын баланың денсаулығына мұқият тексеріліп, невропатологпен кеңесу қажет екенін айтты. Сонымен қатар, туа бітті сал ауруы, аутизм деріне шалдыққан балаларға вакцинаның кері әсері жоқ.

Дәрігерлер бүгін тұрғындардың үйіне барып, кездесу ұйымдастырды. Бірі үйінде болмаса, бірі қандай да бір ғылыми дәлелдерді тыңдаудан бас тартты. Ал кездесуге келген адамдар екпе жасайтын дәрігерлер оның маңыздылығын жете түсіндіре алмайды деп шағымданды. Кейбірі вакцинаның құрамын да қоса беруді сұрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз