Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ресейде тәжік және өзбек мигранттары азапталған

Арнайы жасақтың өкілдері бірнеше адамды ұрып-соққан.

Сурет : abai.kz18 Сәуір 2018, 11:14

РФ Тергеу комитетінің Томск облысы бойынша Тергеу басқармасы шетелдіктерді уақытша ұстау мекемесінде болған оқиғаны тексеріп жатыр, деп жазады Abai.kz.

Мәліметке қарағанда, арнайы жасақтың өкілдері бірнеше адамды ұрып-соққан. Біреуі ауруханаға түскен. Tomsk.ru сайтының мәліметіне қарағанда, тергеу басқармасына жәбірленушінің әйелінен арыз түскен.

Әйелдің өзі Ресей азаматы екен, ал күйеуі тәжікстандық. Күйеуі жақында ғана ИК-3 абақтысынан босатылып, енді отанына депортациялауды күтіп отыр екен. Шағымданушының сөзіне қарағанда, 13 сәуірде ОМОН өкілдері күйеуін және өзге мигранттарды ұрып-соққан.

Облыстық омбудсмен Елена Карташова орталыққа барып, ондағы азаматтардың расында әртүрлі жарақат алғанын растаған. Біреуінің қабырғасы сынған. Енді бірі ауруханада жатыр.

«Бірнеше шетелдік азаматтар 12 сәуірде "маска киген адамдар" өздерін қолдарымен, аяқтарымен ұрып, тепкілегенін, барлығын еденге жатқызып, үстерінен жүргенін айтты», - делінген омбудсмен жариялаған мәлімдемеде.

Росгвардия ОМОН-ның шын мәнінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін, орталыққа барғанын, бірақ олардың ешкімге күш көрсетпегенін айтады.

Томскідегі тәжік диаспорасының өкілі Сайфулло Исматуллоев 17 сәуірде шетелдік мигранттар жатқан орталыққа барып, басшыларымен кездескен. Оның сөзінше, қазір орталықта үш тәжік азаматы бар. Олардың бәрі түзеу мекемесінен босатылғаннан кейін осы орталыққа жіберілген.

«Орталық басшылары жәбір көрген тәжік азаматтары бар ма деген менің сауалыма жауап бермеді. Бірақ әңгімелесу барысында ОМОН қызметкерлері тарапынан азап көргендердің дені Өзбекстан азаматтары екені белгілі болды», - дейді тәжік диаспорасының басшысы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер