Жаңалықтар тізбегі
0

Бас мүфти Астанада АҚШ елшісімен кездесті

muftyat.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2018 17:43 muftyat.kz
Ресми кездесуде Бас мүфти мүфтияттың жұмысы туралы әңгімелеп берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Кролды өз өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми кездесуде Бас мүфти мүфтияттың жұмысы туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның бастамасымен осы жылдың 2 наурызында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы сөз болды. ҚМДБ төрағасы халықаралық форумның жоғары деңгейде өткеніне тоқталды.

Басқосуда Астанада әр 3 жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаты мен дүниежүзі дін көсемдерін ортақ мақсатқа үндеудегі рөлі тілге тиек етілді.

«Бейбітшілік пен бірлікті басты мақсат еткен біздің еліміз әлемдік қауымдастық алдында жер бетінде тыныштық пен ынтымақты орнатуға ұмтылған мемлекет ретінде танылды. Өйткені, біздің дініміз адамзат баласын бейбітшілікке үндейді. Халқымызда: «Бірлік бар жерде тірлік бар», – деген нақыл сөз бар. Бірлік орнаған қоғамда дін, ғылым өркендейді», – деді Серікбай қажы Ораз.

Өз кезегінде дипломат уақыт бөліп, ресми қабылдауға мүмкіндік жасаған Бас мүфтиге алғысын жеткізіп, сұрақтарын қойып, емен-жарқын сұхбаттасты.

Серікбай Сатыбалдыұлы мәртебелі мейманға қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарық көрген «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйға тартты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2018 17:43

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: