Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында мас күйінде көзге түскен әкім жазаланды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2018 22:53 Sputniknews.kz
Әкімнің сөзіне сүйенсек, Көкшетауда такси шақыру үшін мас күйінде көшеге шығыпты.

Егіндікөл ауылының әкімі қоғамдық орында мас күйінде көзге түскені үшін айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақмола облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство материалына сүйенсек, Егіндікөл ауылының әкімі Башенов А.К. бес ай бойы әкімшілік айыппұлын төлемепті. 2017 жылдың қарашасында Көкшетау көшелерінің бірінде оны полиция тоқтатып, мас күйінде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырған.

Мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін бұзған ауыл әкімінің жеке ісі Ақмола облысы этика бойынша кеңесінде тыңдалды.

Әкімнің айтуынша, 11 мың теңге айыппұлды жақында төлеген екен. Ол мас күйінде жүргенін мойындап, такси шақыру үшін көшеге шыққанын, қаланы дұрыс білмегендіктен автобус аялдамасында тұрғанын айтып берді.

Этика бойынша кеңес Егіндікөл ауылының әкіміне қатаң сөгіс жариялауға шешім шығарды. Бұл шешім Егіндікөл ауданы әкіміне жіберіліп, әрі қарай тәртіптік шаралар қабылданады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: