Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Маңғыстауда тарихи-мәдени мұралар кешенді экспедициясы басталды

Экспедиция мақсаты – Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұраларын зерттеу мақсатында шетелден ғалым-мамандарды тарту.

Сурет : Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі15 Мамыр 2018, 11:26

Маңғыстауда Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 турдан тұратын «Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» кешенді экспедициясы басталды. Ресей Ғылым Академиясының Ресей тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, тарих ғылымдарының докторы Вадим Трепавлов бастаған экспедиция мүшелері облыс әкімі Ералы Тоғжановпен кездесті. Бұл туралы zakon.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Экспедиция мақсаты – Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұраларын зерттеу мақсатында шетелден ғалым-мамандарды тарту; Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын ұлттық және халықаралық деңгейде насихаттау, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын аймақ бойынша кешенді ғылыми экспедиция өткізу арқылы баяндау; Сакралды бағыттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу; Облыс тұрғындарының дәстүрлі және тұрмыстық бағыттарын, халық шығармашылығын (фольклор) зерттеу; Эпиграфикалық ескерткіштерге зерттеулер өткізу (фиксация); Кешенді экспедиция қорытындысы бойынша ғылыми есептер дайындау.

«Маңғыстау өңірі - өздеріңіз жақсы білетіндей, табиғаты бөлек, тарихы тереңде жатқан аймақ. Ғылыми зерттеулерді талап ететін, ежелгі өркениет елі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, жас ұрпақтың санасына сол қасиетті орындардың ұғымын сіңіруіміз керек. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі» деген болатын. Міне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өздеріңіздің бірге үлкен ғылыми экспедициясыны қолға алып отырмыз. Сіздердің еңбектеріңіз - Ұлттық тарих пен таным және патриотизмді қалыптастыруға негіз болатына сенімім мол», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Ғылыми экспедиция өлкенің баға жетпес тарихи мұрасы ұлттық идеологияның бөлігі ету, еліміздің әлемдік брендін жоғарылату, туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен патриотизмді арттыруға бағытталған. Экспедиция барысында ноғайлы кезеңінің ескерткіштері және аймақтың шыңырау-құдықтары зерттеледі. Экспедиция қорытындысы бойынша «Kazakh TV» арнасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратылатын бірнеше сериядан тұратын деректі фильм дайындалады.

«Киелі Маңғыстау жері – ата-бабаларымыздың мекені. Бұл аймақты түркі әлемінің археологиясының орталығына айналдыруымыз керек. Осындай кешенді экспедицияны қолға алып, халықаралық ғалымдарды шақырғандарыңызға рақмет айтамын», - деді Измир қаласындағы (Түркия) Эгей университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Метин Екичи.
Сондай-ақ, жиында Ә.Марғұлан атындағы Археология Институтының антикалық кезең және орта ғасыр археологиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ерден Оралбай Маңғыстау облысынан Археология Институтының филиалын ашуды ұсынды.

Кешенді экспедиция 6 бағытты қамтиды:

1. Маңғыстау облысының тұрғындары арасынан ХХ ғ. 20-30 жж. қатысты этнографиялық мәліметтер жинақтау.
2. Белгілі неміс этнографы Рихард Карутц жолымен. 100 жылдан соң.
3. Маңғыстаудағы ноғайлы кезеңі (14-17 ғғ.).
4. Үстірттегішыңырау-құдықтарды зерттеу.
5. Маңғыстаудың сакралды ескерткіштері:
- Ежелгі Маңғыстаудың теңіз айлақтары (архивтік-библиографиялық зерттеулер, картографиялық материалдарды зерделеу);
- «От киесі» Отпантау кешенінің туристік әлеуеті;
- Аңыз өрген Маңғыстау мешіттері;
- Маңғыстау түбегі ескерткіштерінің эпиграфикасы мен архитектурасы
6. Маңғыстау петроглифы.

Кешенді экспедицияның 1-туры: Ақтау қаласы – Қошқар ата қорымы –Ақшора қорымы – Жалғызтам (Бельторан) қорымы –Үштам қорымы –Кенті-баба қорымы – Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы -Қапамсай –Шақпақ-ата жерасты мешіті және қорымы –Отпантау тарихи-мәдени кешені –Ақмыш сайы –Шерқала тауы –Айрақты тауы – Көгез этноауылы –Шетпе ауылы. Таңбалытас (Тынымбай шоқы жері) –Бозжыра тауы (панорама) –Оғыланды қорымы –Бекет ата жерасты мешіті – Үстірттегі шыңырау-құдықтар (Ақшымырау, Жаңасу жеріндегі Шотан құдығы, Еліқажы) – Сайөтес ауылы – Сисем-ата қорымы– Шетпе ауылы - Қараман ата жерасты мешіті және қорымы.

Экспедиция маршрутының жалпы ұзақтығы – 2000 км. Экспедиция мерзімі: 10 күн.

Экспедиция құрамы:
1. Т. Кармов - Д.С.Лихачев атындағы Ресей табиғи және мәдени ғылыми-зерттеу институтының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог;
2. С. Ашуров –тарих ғылымдарының кандидаты, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясының археология және этнография институтының басылым және ғылыми байланыстар бөлімінің жетекшісі;
3. Н. Алышов - Әзірбайжан антикалық және ортағасырлық археология бойынша маман, т.ғ.к.
4. Метин Екичи–Измир қаласындағы Эгей университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы;
5. С.Белоруссова - тарих ғылымдарының кандидаты, түркітанушы, Орталық Азия Кунсткамерасы бөлімінің қызметкері
6. Ә.Сарай - Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург;
7. И. Жеменей–профессор, филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тұран-Иран ғылыми-зерттеу орталығының директоры;
8.Е.Оралбай - Ә.Марғұлан атындағы Археология Институтының антикалық кезең және орта ғасыр археологиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері;
9. Б. Нұрдәулетова–профессор, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің филология ғылымдарының докторы;
10. Э. Абланова - тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің доценті;
11.А. Еділхан – өлкетанушы;
12. О.Көшбай –этнограф,жазушы, өлкетанушы;
13.С. Құдайберген – тарихшы,фольклорист;
14. Б.Төлегенұлы – түркітанушы;
15. А.Астафьев – археолог;
16. Н.Құлбаев – тарихшы, арабист, өлкетанушы
17. Н.Қалағанов – тарихшы, өлкетанушы


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер