Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әкесінің көлігін жүргізген жасөспірім екі адамды қағып кетті

Жаяу жүргіншілерді қаққан Mitsubishi маркалы көліктің жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен.

Сурет : Baq.kz16 Мамыр 2018, 15:52

Астана қаласында Жеңіс пен Мәскеу көшелерінің қиылысында әкесінің көлігін айдаған жасөспірім екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қалалық ІІД баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылы 15 мамырда сағат 18:30 шамасында болды. Жаяу жүргіншілерді қаққан Mitsubishi маркалы көліктің жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен.

«Астана қаласының жол-патрульдік полк және ІІД іздестіру полицейлері күдіктіні Мәскеу көшесіндегі аулалардың бірінен ұстады. Ол 2001 жылы туған (әкесінің көлігін мінген) жасөспірім болып шықты. Қазіргі сәтте ата-анасының қатысуымен тексеру шаралары жүріп жатыр», - деді полициядағылар.

1983 және 1977 жылы туған жәбірленушілер әртүрлі жарақатпен медициналық мекемеде жатыр. Автокөлік арнайы тұраққа жеткізілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер