Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Ресейден бірнеше Cу-30СМ әскери ұшағын сатып алды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 22:47 Baq.kz
Бұл әскери ұшақтарды Қазақстан қарулы күштері Ресейден алғаш рет 2015 жылы алған.

Ресей Қазақстанға қосымша Cу-30СМ ұшағын жеткізеді, осыған байланысты «Иркут» корпорациясының бас директоры Олег Демченко мен «Қазарнаулыэкспорт» кәсіпорнының бас директоры Арман Рамазанов келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz.

«24 мамырда Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен «Иркут» корпорациясы қосымша Cу-30СМ әскери ұшақтарын сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойды», - делінген «Иркут» корпорациясының баспасөз қызметі мәліметінде.

Бұған дейін Қазақстан қарулы күштері Су-30СМ әскери ұшақтарын желтоқсан айының аяғында алған.

Әскери ұшақ базадан айтарлықтай алыс қашықтықта, кез келген ауа райы жағдайында, тәулік бойы, ақпарат жағдайында және атысты ұрыс кезінде жауынгерлік міндеттерді кең ауқымда орындай алады.

Бұл әскери ұшақтарды Қазақстан қарулы күштері Ресейден алғаш рет 2015 жылы алған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: