Атыраулық әжей ақша үшін туған немересінен бас тартты

28 Мамыр 2018, 09:32
Сурет: sn.kz

Атыраулық әжей ақша үшін туған немересінен бас тартты деп жазады Sn.kz.

Қыз бала туғалы бері балалар үйінде тәрбиеленген.

«Биологиялық анасы қызды баға алмаған. Біз оның туған әжесін тауып, баланы асырап алуға көндірдік. Құжаттарды дайындап, туысымен психикалық тұрғыда жұмыс істедік», – дейді Атыраудағы «Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар ауылының директоры.

Дегенмен әжесі немересін асырап алғаннан кейін ай сайын төленетін жәрдемақы уақыты келгенде қаражатты азсынып, баланы кері әкеп тастаған.

«Туған әжесі тастап кеткеннен кейін бала қатты жылады. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр», – дейді балалар ауылының директоры.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?