Қытайда ұсталған 90 жастағы қазақ әжей бейнеүндеу жариялады

sputniknews.kz sputniknews.kz
Қазақстандық дипломаттар Қытайда ұсталған екі этникалық қазақты елге қайтарды.

Қытайда ұсталған 90 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

2 маусымда Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасындағы уағдаластықтардың арқасында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында дүниеге келген 90 жастағы этникалық қазақ Қазақстанға қайтып оралды.

"Кейуана мен оның ұлы осы жылдың 29 мамырында Бейжіңде көші-қон заңнамасын бұзғаны және ҚХР аумағында заңсыз болғаны үшін ұсталған болатын. Кейіннен анықталғандай, әжей мен оның отбасы Қытайға 2017 жылы наурызда келіп, визада белгіленген мерзімді (30 күн) сақтамай, бір жылдан астам ел аумағында болған. Елшілік қызметкерлері Қытай құқық қорғау органдарымен дереу байланысқа шықты. Белгілі болғандай, қазақстандықтар қос азаматтық үшін ұсталған", — деп жазды Жайнақов фейсбуктегі парақшасында.

Қытай тарапы мен Қазақстан елшілігінің көмегі арқасында ұсталғандарға тез арада Қытай азаматтығынан айырылу туралы құжат және оларды айыппұлсыз әрі уақытша ұстау изоляторына қамаусыз Қазақстанға депортациялау ресімделді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз