Жаңалықтар тізбегі
0

Трамп Ақ үйде ауызашар береді

Kazdala.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2018 17:24 Kazdala.kz
Аталған іс-шараға байланысты ресми ақпарат әлі келіп түскен жоқ.

АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына орай 5 маусымда Ақ үйде ауызашар беруді ұйымдастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz американдық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Нью-Йорк Таймс газетінің хабарлауынша, ауызашар сәрсенбі күні беріледі. Ақ үй қазірше ауызашарға шақырылған меймандардың тізіміне қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Өткен жылғы Рамазан айы АҚШ мұсылмандары үшін жаңа президент Дональд Трамптың Ақ үйде дәстүрлі ауызашар ұйымдастырмағанымен есте қалған болатын.

Ислам әлемінде АҚШ президентін Америка Құрама Штаттарындағы исламофобияға қатысы болғаны үшін, мұсылмандарға қарсы бағытта иммиграциялық заң қабылдағаны үшін, сондай-ақ, Ираильдегі АҚШ елшілігінің Иерусалимге көшуіне қатысты сынға алынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: