Екібастұзда төртінші қабаттан құлап кеткен сәби көз жұмды

4 Маусым 2018, 16:43
Сурет: www.pavlodarnews.kz

Екібастұз қаласында екі жастағы бүлдіршін көпқабатты тұрғын үйден құлап кетіп көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- 2 маусым күні сағат 15.30-да бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне қайғылы жағдай орын алғаны туралы хабар түскен, - деді департаментте.

- Бүлдіршін Бұқар жырау көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан абайсызда терезеден құлаған.

Бала 2016 жылы туған. Өкінішке орай, ауруханада қайтыс болған.

Айта кетейік, бұл - биылғы жылы облыс бойынша тіркелген алғашқы жағдай. Былтыр балалар арасында 18 жоғарыдан құлау фактісі есепке алынған.

Нәтижесінде 12-сі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілсе, алтауы көз жұмған. Құтқарушылар ата-аналарға балаларды бақылаусыз қалдырмау қажеттігін еске салып, көп қабатты үйлерде сақтық шараларын танытуды сұрайды.

Ақбота Сейсенбаева


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?