Денсаулық сақтау министрі Менингитпен күресуді жеке бақылауға алды

Baq.kz Baq.kz
Медициналық ұйымдар және дәрігерлер, қажетті дәрі-дәрмектер бәрі дайын - Біртанов.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстандағы менингококк инфекциясы бойынша қалыптасқан жағдайды бағалау үшін Алматы қаласы мен облысына іс-сапармен баратынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Медициналық ұйымдар және дәрігерлер, қажетті дәрі-дәрмектер бәрі дайын. Бүкіл өңірлерде дайындық жүргізілуде. Құрметті, Бақытжан Әбдірұлы, облыс әкімдеріне денсаулық сақтау басқармалары өңірілік штабтарының тиісті жұмысын және бекітілген республикалық штабтың жоспары мен тапсырмаларын мүлтіксіз орындауын тапсыруды сұраймын.

Сонымен қатар ҚР-да жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы №453 бұйрығына сәйкес кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде медициналық көмек жақын жердегі медициналық ұйымдарда көрсетілуі тиіс. Бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін бағалау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысына сапарға шығуды жоспарлап отырмын. Іссапар қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда қабылданатын шараларға өзгерістер енгізілетін болады», - деді Біртанов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Біртанов Сағынтаевқа халықты жаппай вакциналаудың қажеті жоқ екенін айтты

«Менингококк инфекциясымен сырқаттану бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін министрлік инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында республикалық деңгейде және өңірлерде арнайы штаб құрылды. Ол күнделікті жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданатын шараларды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылғы 31 мамырда менингококк инфекциясымен сырқаттануды тұрақтандыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Қарым-қатынаста болған 433 адам анықталып, оларға антибиотик профилактикасы тағайындалды және олардың 100% профилактика алып отыр. 3 438 адам курсты аяқтады, бүгінде 638 адам осы курсты жалғастыруда. Алматы қаласы мен облысында мектепке дейінгі балалар мекемелерінде көпшілік шараларға шектеу қойылды, жазғы лагерьлер ашу 18 маусымға дейін кейінге қалдырылды. Халықа арасында БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан республикада менингококк инфекция бойынша қалыптасқан жағдай карантин енгізуге және халыққа жаппай вакциналау жүргізу қажет болатын шекті деңгейден аспайды», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Тақырыпқа қатысты жаңалықтарды мына сілтемеден өтіп оқыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз