Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте бір топ тұрғын далада қалуы мүмкін

old.gagauzmedia.md, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2018 16:58 old.gagauzmedia.md
Орманшы тұрғын алабындағы бүтін бір көше тұрғындарының көңілі күпті.

Шымкентте «Орманшы» тұрғын алабының бір топ тұрғыны далада қалуы мүмкін. Арнамызға шағымданған азаматтардың айтуынша, оларды Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі қаңтар айынан бері сотқа сүйреп жүр. Тұрғындардың алды жерді сот шешіміне сәйкес босатуы тиіс деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Ермак Сағымбеков, қолында жердің заңды иесі екенін дәлелдейтін барлық құжаты бола тұра, соттан ұтылып қалғанын түсінбей дал. Айтуынша, ол бұл баспананы 2007 жылы дайын күйінде сатып алыпты. Алайда таяуда бұл жерді босатуы керек. Үй-мүлкін бұзып әкетуі тиіс екен. Сот осындай шешім шығарған. Оған қанағаттанбай екі рет апелляциялық шағым түсіргенмен, іс Бадам орман шаруашылығының пайдасына шешіліпті.

Ермак Сағымбаев, Орманшы тұрғын алабының тұрғыны: Бүкіл документтің бәрі қолда. Үш рет ауысқан аудан. Біріншісі Сайрам ауданы болды. Одан кейін Еңбекші ауданы, одан кейін Қаратау ауданы. Сол кезде қайда қарап отырған сонда?!Сол кезде бәрінің қолынан өтеді ғой земельный кадастр бар, бәрінің қолынан өтеді ғой. Қайда қарап отырды олар сол кезде орман қоры, егер жері болатын болса.

Орманшы тұрғын алабындағы бүтін бір көше тұрғындарының көңілі күпті. Қаңтар айынан бері қай күні соттан шақырту келер екен деген үреймен күн кешіп жатырмыз дейді. Тұрғындардың есебінше тағдыры қыл үстінде тұрған үй саны жиырмадан асады. Мұнда халықтың алды осыдан он бір жыл бұрын қоныстанған. Маңдай терін төгіп үй салғандар содан бері жер иесі неге ескертпеген деп күйінеді. Орманшы тұрғын алабы әу баста Сайрам ауданына қараған. Бертінде қаланың қарамағына өткен. Тіпті тұрғындарға көгілдір отын, ауыз су мен электр жарырығына дейін мемлекет есебінен тартылыпты.

Мақсат Жасыбаев, Орманшы тұрғын алабының тұрғыны: Көршімнің де документі түгел болған. Документі түгел бола тұрып ол соттан жеңіліп отыр, лесхоздың пайдасына шешіліп отыр. Енді менің қорқып отырған себебім - мен де көршім сияқты жеңілемін ба деп қорқып отырмын.

Бадам орман шаруашылығы қазір бас-аяғы алты үйді сотқа беріп жатқандарын айтты. Директор телімін тым кеш түгендеу себебін өзінің бұл қызметке екі жыл бұрын ғана тағайындалуымен байланыстырды. Айтуынша заңсыз құрылыстар туралы өздері де мемлекеттік актіні қайта рәсімдеу кезінде бір-ақ білген көрінеді.

Нұрмахан Жұмағұлов, Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры: Қазір біз қайта рәсімдей алмай отырмыз. Қала аумағына өткізе алмай отырмыз. Қаладан алынатын госакті ала алмай отырмыз. Өйткені бұл жердің барлығы беттесіп жатыр бір бірімен. Құжаттары бар көбісінде, мем.актіні ол кісілер де алған, енді соның мәселесін шешу бойынша біз кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін сотқа жүгініп отырмыз.

Шымкент қаласы жер қатынастары бөліміндегілер бұл жерлердің 2007 жылдары Сайрам ауданына қараған тұста беріліп кеткенін алға тартты. Жердің заңды иесі 2001 жылдан бері Бадам орман шаруашылығы дегенмен, жауапты мекеме де сотқа иек артып отыр.

Бақыт Омарханов, Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары: Олардың негізі легализация және әкімнің шешімі. Легализациясы түбірі жоқ екені ол сотта анықталды. Ал қалғанының шешімдері бар. Соттың шешімімен түбірі жоқ легализация толығымен құжаттар бұзылды. -Бұл жерде кінә қай жақтан кетуі мүмкін? -Бұл кінә ол кадастрдың кінәсі. Ол заңға 14 бапқа сәйкес оны бақылау кадастрде.

Таяқтың бір ұшы барып тіркелген кадастрлық органнан қандай да бір жауап алу мүмкін болмады. Мәселені анықтаймыз дегенмен, үнсіз қалды.

Айзада Төребекқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: