Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өзбекстан басшысы 226 жазасын өтеушіге рақымшылық жасады

Рақымшылдыққа іліккен қырық азаматтың жасы алпыстан асқан.

Сурет : Хабар 2415 Маусым 2018, 11:01

Өзбекстан Республикасының Президенті қасиетті Рамазан айының айт мерекесіне орай 226 сотталған адамға рақымшылдық жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

Айта кету керек, бұл тәжірибе жалпы көрші ел тарихында тұңғыш рет орын алып отыр. Мемлекет басшысының жарлығымен бұған дейін істі болған 102 адам жазадан толық арылды. 39 сотталушының жазасы жеңілдетіліп, тағы 71 адам мерзімінен бұрын босатылған. Жалпы кешірім бойынша бостандығынан айырылған 212 адам түрмеден бостандыққа шықты. 14 сотталушының жазасы қысқартылды.

Рақымшылдыққа іліккен қырық азаматтың жасы алпыстан асқан. Араларында 39 шетел азаматы бар. 37-сі әйел. Ал 51–і тыйым салынған ұйыммен байланыс орнатқаны үшін істі болған. Құжатта жасаған істеріне өкініп, тура жолға түскен жандарды жұмыспен қамту мәселесі де қарастырылған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер