Дала өртінен кейін Өскеменді түтін басып қалды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Шамамен 30 гектар аумақты жалын шарпыған.

Ертіс өзеніндегі аралда құрғақ шөп отқа оранда, қазір жалынмен өрт сөндірушілер күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілерді оқиға орнына Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеткізді. Өрт ешқайда жайылмайды, себебі айналасы сумен қоршалған, алайда көп аумақты шарпығандықтан, қою түтін көтеріліп қала тұрғындарының мазасын алды.

Қазіргі уақытта өрт ауыздықталуда, өрт сөндірушілер сапалақ (өрт сөндіретін құрал-авт.) және арқаға асылатын сөндіргіш құралды қолданып, жалынды сөндіріп жатыр. Көбіне құрғақ шөп пен бұталар отқа оранған. Жеке құрамның 20 қызметкері бірнеше аумаққа бөлініп, іске кірісті. Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы өзенде қайықпен кезекшілік атқаруда. Шамамен 30 гектар аумақты жалын шарпыған.

Айта кетейік, демалыс күндері облыста орнаған ыстық, құрғақ ауа райы салдарынан өрт сөндірушілер 50 аса осындай дала өртін сөндіруге барған. Соңғы уақытта, дала өрті жиілеп кетті және жел болмағандықтан кешке қарай Өскемен қаласын аралдан келген түтін басты. Жағдайды теректің үрпектері ушықтыруды. Қауіпсіздік талаптарын ескермегендер жерге жиналып қалған мамыққа адамдар өрт қояды. Олар бұл әрекеттің соң неге ұрындыратынын ойлап жатпайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз