Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысы ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңестің Ата заң үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган екеніне тоқталып, оның әлеуетін одан әрі арттыра түсу қажеттігіне назар аударды.

Сурет : www.akorda.kz19 Маусым 2018, 17:52

Кездесу барысында Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевқа конституциялық реформаның жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ Конституциялық Кеңес қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады. Бұл туралы zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңестің Ата заң үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган екеніне тоқталып, оның әлеуетін одан әрі арттыра түсу қажеттігіне назар аударды.

– Парламенттің, еліміздегі мемлекеттік органдардың қабылдаған бүкіл заңдары мен нормативтік құқықтық актілері Конституция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер