Түскі ас сатып алу үшін жұмыстан 3 минутқа шығып кеткен жұмысшының жалақысын қысқартып тастады

stan.kz stan.kz
Жапониялық компания өзіне түскі ас сатып алу үшін күнделікті жұмыс орнын 3 минутқа тастап кеткен жұмысшысы үшін клиенттерінен кешірім сұрады.

Түскі ас сатып алу үшін жұмыс орнынан 3 минутқа шығып кеткен жұмысшының жалақысын қысқартып тастады. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

64 жастағы ер адам Кобе қаласындағы су тартатын компанияда жұмыс істейді. Ол 7 ай бойы таяу маңдағы дүкеннен түскі ас сатып алу үшін, 26 рет 3 минутқа жұмыс орнын тастап кеткен. Осылайша ол 2017 жылдың қыркүйек айы мен 2018 жылдың наурызының арасындағы 78 минут жұмыс орнында болмапты. Компания өкілдері бұл жағдай үшін клиенттерінен кешірім сұрады.

Басылым мәліметінше, ер адамның әріптестерінің бірі оның тамақ алу үшін жолдан өтіп бара жатқанын терезеден көріп қойып, басшыларға айтып қойған. Нәтижесінде компания басшылығы жұмысшының 26 рет 3 минуттан жұмыс орнында болмағанын біліп, оның жалақысын қысқартып тастаған.

«Мұндай даудың орын алғаны өте өкінішті. Біз клиенттерімізден кешірім сұраймыз», – деді компания телерналардың бірі арқылы.

Өз кезегінде желі қолданушылары жұмысшыны жақтап шығып, бұл жағдайды «ақылға сыйымсыз» деп атады.

«Ендігі адамдарға дәретханаға да баруға болмай ма? Бұл құлдық тәрізді», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз