Шымкенттік емші бедеу әйелді кәмпитпен-ақ көтертеді – журналист

sn.kz sn.kz
Емші балаға зәру қыз-келіншектерді қабылдағаны үшін 200 мың, одан ары қарай 500 мың теңге алады екен.

Шымкентте бедеу әйелдерді «кәмпитпен» бала көтертетін емші шығыпты. Бұл туралы отандық тележурналист Гүлмира Әбіқай өзінің Facebook-парақшасында бөлісті, деп жазады Sn.kz.

Айтуынша, емші балаға зәру қыз-келіншектерді қабылдағаны үшін 200 мың, одан ары қарай 500 мың теңге алады екен.

«Шымкенттік емші Ұнсынай Маскеева бедеу әйелді кәмпитпен-ақ көтертеді. Бес айға дейін УЗИ-ға түспе бала өссін дегенге сенген келіншектің бірі бес айдан кейін барса, жатырда бала тұрмақ бақа да жоқ. Ал, біреу «12 жыл көтермеген баланы осы емшінің дәрісін ішіп көтердім» дейді. Бір сеанстан 200 мың, келесіде 500 мың теңгені қалтаңнан қағып алады», – деп жазады журналист.

Видеода емшінің әйелдерді жиып алып, кәмпит шашып жатқаны көрінеді. Оларға кез келген бедеу әйелге бала көтерте алатын құдіреті бар екенін айтып мақтанады. Бір уақытта ортадағы бір келіншекке «Ал саған бір емес, екі бала болсын» деп кәмпит лақтырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз