Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Гүлшара Әбдіқалықова Түркияда тұратын қазақ диаспорасының жастарымен кездесті

Іс-шара Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ диаспорасы жастарының атажұртына келуі үшін ұйымдастырылды.

Сурет : 24.kz29 Маусым 2018, 16:34

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Елбасының жастар жөніндегі: «Болашаққа деген біздің үкілі үмітіміз – сіздер. Біздің бүгінгі жасап жатқанымыздың барлығы – сіздер үшін» деген сөзіне тоқталды. Бұл туралы zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

– Егемендік алған соң біз 1997 жылы бүкіл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасынан бірінші болып, 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеп, оны 15 жылдың ішінде іске асырдық. Қазір біз «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырып жатырмыз. Оның басты мақсаты – әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу. Осыған қол жеткізу мақсатымен елде Институционалды бес реформа, Ұлт жоспары, Үшінші жаңғыру жөніндегі бағдарламалар қабылданды, – деді Г.Әбдіқалықова.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатымен шет елдердегі қандастарға қолдау көрсету, ана тілі мен төл тарихын, мәдениеті мен руханиятын дамыту, тығыз әлеуметтік-экономикалық байланыс орнату мәселелеріне Қазақстан Президенті ерекше назар аударатынын айтты. Қазақстан – этникалық қазақтарды тарихи Отанына қайтару жөнінде тиімді көші-қон саясатын жүзеге асырып отырған Германия мен Израиль сияқты санаулы үш елдің бірі. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылдары 1 миллионнан астам қандасымыз елге оралды. Қазіргі кезде Қазақстаннан тыс жерлерде 5 миллионнан астам қазақ диаспорасының өкілдері тұрады.

Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова қазақ диаспорасы жастарына жақсы білім алып, өмірде табысқа жете берулеріне тілектестік білдірді.

Бүгінде Түркияда шамамен 10 мың қазақ тұрады. Диаспора өкілдерінің өзекті мәселелерін шешуге көмектесу мақсатымен «Қазақ-түрік қоры», «Түркiлердiң әлеуметтік және мәдени дамуын қолдау қоры», «Ахмет Яссауи қоры», «Қазақ-түрік білім, ғылым және зерттеу қоры» тиімді жұмыс істеуде.

Іс-шара Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ диаспорасы жастарының атажұртына келуі үшін ұйымдастырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер