Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұздық зейнеткер Курчатовтан Павлодарға дейін Ертіс өзені арқылы жүзіп өтпек

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 20:18 Baq.kz
7 күнге созылатын бұл шара 22 шілде күні басталды.

Ертіс өзені арқылы жүзіп өтетін топ Павлодардан Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласына жолға шықты. Аталмыш экспедиция Ертіс Думаны мерекесі аясында жүзеге асуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«7 күнге созылатын бұл шара 22 шілде күні басталды. Экипаждың бір бөлігі Май ауданының Көктөбе ауылында ауысады. Қатысушылар өзенді төрт ескекті жеңіл қайықпен және «ПавГео» қоғамдық бірлестігінің «Колибри» қайығымен жүзіп өтеді. Экипаждың құрамына Астана, Павлодар, Екібастұз, Новосібір қалалары мен Май, Успен аудандары және Ақсу ауылдық аймағынан барлығы 21 адам енді», - дейді Павлодар География үйінің директоры Александр Вервекин.

Жүзу қашықтығы 281 шақырымды құрайды. Екібастұз қаласының 66 жастағы тұрғыны, танымал велотурист Анатолий Пырлик – ең жасы үлкен қатысушы. Дегенмен ол өте тәжірибелі спортшы. Екі жыл ішінде бес вело-экспедицияға шыққан. Мәселен, Анатолий Филиппович мұз үстінде Байқалға дейін, Қ. Сәтбаев каналы арқылы Қарағандыдан Ақсуға дейін жүріп өтеді. Экипажды 28 шілде күні Павлодар қаласының төменгі жағалауында қарсы алып, сол күні Ертіс Думаны мерекеленеді.

Айта кетейік, бұл экспедицияны павлодарлық «Жасыл ел» облыстық штабы мен География үйі жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың қолдауымен өткізуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: