Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы автобазарларында екі мың тәртіп сақшысы рейд жүргізді

Әскерилер базар аумағынан шыққысы келген әр көлікті егжей-тегжейлі тексеріп шықты.

Сурет : liter.kz25 Шілде 2018, 14:17

Алматы тәртіп сақшылары заңсыз сауда нүктелерін анықтау үшін қаладағы ірі автобазарларына рейдке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертең «Жібек Жолы» автобазарына тәртіп сақшылары рейд жасады. Базарды полицейлер мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қоршауға алып, оның аумағына ешқандай көлікті кіргізбеді. Әскерилер базар аумағынан шыққысы келген әр көлікті егжей-тегжейлі тексеріп шықты. Сондай-ақ, мұндай рейд қаладағы екі базарда біруақытта жүргізілді. Рейдке 2 мың адам жұмылдырылды.

«25 шілдеде қаладағы қылмыстық жағдайлардың қалпына келтіру үшін Алматыда жедел профилактикалық шаралар өтті. Базардағы саудагер де сатып алушы да тексеруден өткізілді. Басқа мемлекеттен келгендердің жеке басына қатысты тексеру жұмыстарын жүргіздік. Көші-қон туралы заңнаманы бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік жаза қолданылады. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Жалпы жұмыс 29 шілдеге дейін жалғасатын болды», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер