Жаңалықтар тізбегі
0

Заңсыз сотты болған қостанайлық министрліктен млн теңге өндіріп алды

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2018 20:57 www.zakon.kz
Талапкер өз кінәсін мойындамаған.

Қостанайлық бас бостандығынан айыру орындарында 17 ай және 7 тәулік отырып шығып, Қаржы министрлігінен қылмыстық жауапқа заңсыз тартқаны үшін миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам Қостанай облыстық ІІД мен ҚР Қорғаныс министрлігінің үстінен талап арыз түсірді. Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылдың 8 мамырда Әулиекөл АІІБ тергеушісінің баянатына сәйкес, ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігінің белгілері бойынша талапкердің есірткі затын өткізу фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, кейін іс сотқа жіберілген. Талапкер өз кінәсін мойындамаған.

«Қостанай аудандық сотының 2016 жылғы 6 қазандағы үкімімен талапкер кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін сотталушы сот шешімімен келіспейтіндігін білдіріп, ҚР Бас прокуратурасына қайта шағымданған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 6 наурыздағы шешімі бойынша, бірінші және апелляциялық инстанциядағы үкiм өзгерген: Арызданушы қылмыс жасамағандықтан, қылмыстық іс тоқтатылған. Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандырылды», - деп түсіндірді ІІД-де.

Ер адам бас бостандығынан айыру орындарында 17 ай және 7 тәулік отырып шығып, оған келтірілген моральдық залалды 2 млн теңге деп бағалаған.

Алайда, сот іс материалдарын зерттеп, ҚР Қаржы министрлігінен қостанайлықтың пайдасына 1 млн теңге өтемақы өндірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: