Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан бірнеше сатыға жоғарылады

Хабар 24 Хабар 24
160 мемлекет ескерілетін бұл санақта еліміздің нәтижесі жақсарып келеді.

Дүниежүзілік банктің жүк тасымалдау бойынша рейтингінде Қазақстан 71-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Хабар 24.

160 мемлекет ескерілетін бұл санақта еліміздің нәтижесі жақсарып келеді. Мысалы, жүкті дер кезінде жеткізу жағынан Қазақстан 42-орында. Рейтингте логистикалық тиімділік пен инфрақұрылым сапасы да назарға алынды. Қазақстандағы кедендік рәсімдеудің тиімділігі артуы арқасында еліміз жиырма бірінші тұғырдан көрінді. Ал екі жыл бұрынғы көрсеткіш негізінде Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Логистика тиімділігі индексі» рейтингісінде «Инфрақұрылым сапасы» көрсеткіші бойынша 106-дан 65-орынға жоғарылағанын еске саламыз.

Қазақстан:

Логистикалық тиімділік индексі бойынша:

2016 – 77 орын

2018 – 71 орын

Кедендік рәсімдеу тиімділігі бойынша:

2016 - 86 орын

2018 – 65 орын

Жүкті дер кезінде жеткізу бойынша:

2016 – 92 орын

2018 – 50 орын

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз