Адам ұрлады деген күдікті әйел Әзербайжаннан Қазақстанға әкелінді

www.inform.kz www.inform.kz
Әйел топпен алдын ала сөз байласу арқылы күш қолдану жолымен мүлкін бопсалап алу мақсатында адам ұрлады деген күдікке іліккен.

Бүгін Бас прокуратура және Астана ішкі істер департаменті қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Әзербайжаннан күдікті Ирада Рустамованы экстрадициялады, деп хабарлайды Қазақпарат, Бас прокуратураның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Әйел топпен алдын ала сөз байласу арқылы күш қолдану жолымен мүлкін бопсалап алу мақсатында адам ұрлады деген күдікке іліккен.

Қылмыс былтыр Астанада болған. Қылмыстан кейін күдікті ізін суытып, қылмыстық іздестіру органдарынан жасырынған. Осыған байланысты, күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі кезде Рустамова Астананың тергеу оқшаулағышына жіберілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз