Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тротуарда балаларды қағып кете жаздаған әйел жол ережесін тағы бұзды

Жүргізуші жолында кішкентай балаларды қағып кете жаздады.

Сурет : www.inform.kz3 Тамыз 2018, 10:17

Lexus тізгіндеген əйел тағы бір жол ережесін бұзды. Эльвира Құрабаеваның сонымен қатар қауіпсіздік белдігін де тақпағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осының алдында бұл əйел Тимирязев көшесінің бойындағы тротуарда жүйткітіп, балаларды соғып кете жаздаған болатын.

"Алматыдағы Тимирязев көшесінде тротуармен жүрген Lexus көлігіне қатысты көліктің жүргізушісі анықталды. Аталған дерек бойынша 2 əкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ƏҚК 596-бабының бөлімімен (жаяу жүргінші жолдарымен, тротуармен жүру), ҚР ƏҚК 593-бабы 2 бөлімімен (қауіпсіздік белдігін тақпай айдау) бойынша оған жалпы алғанда 48100 теңге көлемінде айыппұл салынды",- деді ҚР ІІМ ресми сауалға жауабында.

Сондай-ақ, Lexus жүргізушісіне қатысты Бостандық аудандық ІІБ-не арыз қабылданды.

Бұдан бұрын Lexus тізгіндеген əйелдің жол ережесін өрескел бұзғанын хабарлаған болатынбыз. Фейсбук желісінде жарияланған видео көпшіліктің наразылығын туғызды.

Видеода әйел адамның тротуармен жүріп бара жатқаны көрінеді. Жүргізуші жолында кішкентай балаларды қағып кете жаздады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер