Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның бірнеше өңірінде суға кеткен адамдар іздестірілуде

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2018 15:39 sputniknews.kz
Құтқарушылар үш адамды іздеп жатыр, екі жасөспірім құтқарылды.

Еліміздің бірнеше өңірінде құтқарушылар іздеу және апатты-құтқару операцияларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қапшағай қаласының шетінде, Қапшағай су қоймасында құтқарушылар 1993 жылғы жас жігітті іздестіруде. Болжам бойынша, ер адам балық аулап жатып суға кеткен.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ащысай ауылындағы "Құркелес" суару арнасында 2014 жылғы бала іздестіріліп жатыр. 3 тамыз күні ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін абайсызда арнаға құлап, суға батып кеткен.

Ал Айыртау ауданы Имантау ауылында, Имантау көлінде шомылып жүрген 1963 жылғы ер адам суға кетті. Қазір іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Павлодарда Усолка өзенінде шомылу кезінде жағаға жүзіп жете алмаған екі жасөспірім құтқарылды. Оларға оқиға орнында психологиялық көмек көрсетілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: