Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының жер асты өтпелі жолдары қалай өзгерді?

www.almaty.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2018 18:22 www.almaty.gov.kz
Жаңарған жер асты өтпелі жолдарға диодты жарық көздері мен қозғалыс құрылғылары, музыка шығаратын дыбыс динамикалары орнатылған.

Алматыда қаланың барлық жер асты өтпелі жолдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталуда. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаяу жүргінші инфрақұрылымын реконструциялау қарқынын тексеріп, жаңарған жер асты өтпелі жолдарды қарап шықты. Бұл туралы zakon.kz, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңарған жер асты өтпелі жолдарға диодты жарық көздері мен қозғалыс құрылғылары, музыка шығаратын дыбыс динамикалары орнатылған. Өтпелі жолдардың төбелері арнайы жанбайтын материалдардан жасалған, қабырғалары ашық әдемі суреттермен безендірілген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2018 18:22

Мысалы, Абай мен Абылайханның бұрылысындағы жер асты өтпелі жолдың қабырғаларына қазақ ақыны және ағартушы Абай Құнанбаевтың нақылдары жазылған. Республика Сарайына қарсы орналасқан жер асты өтпелі жолдың қабырғасында «Жеті қазына» атты қазақ көшпендісінің жеті байлығы көрініс тапқан.

«Қауіпсізі қала» бағыты аясында жер асты өтпелі жолға жаңа сипаттағы бірнеше видеокамералар орнатылған. Оларда жүздерді анықтайтын мүмкіндіктер бар әрі аудандық ішкі істер басқармаларының бақылау жүйелеріне қосылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2018 18:22

«Биылғы жылы 160-тан астам көше жөндеуден өтті және 600-ден астам аула абаттандырылады. Қаланың тарихи орталығы модернизациялануда. Тек соңғы жылы ғана 800 километр инженерлік желі жаңарды. Әрине, жөндеу жұмыстарының қала тұрғындарына жайсыздық тудыруы мүмкін. Мен олардан сәл ғана шыдамдылық танытуды өтінемін. Көшелерге реконструкция жүргізу кезінде құрылыс ережесін сақтамаған бірқатар ірі құрылыс ұйымдары айыппұл төледі. Барлық жұмыстар сапалы әрі қысқа мерзімде аяқталады. Кейін осы құрылыс компаниялары «құрылыс мәдениетін» игеріп, жөндеу жұмыстарын қала тұрғындарына білдірмей жүргізетін болады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2018 18:22

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: