Астанада мектеп мұғалімдеріне жатақxана беріледі

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Астанаға жыл сайын аймақтардан 400-500 мұғалім келеді.

Бүгінде елордада мектеп мұғалімдерінің жетіспеушілігі бар. Қала әкімдігі дәл сол орындарға келетін мамандардың баспана мәселесін де шешуге әзір, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, қазіргі кезде бір жатақxананың құрылысы аяқталуға жақын. Ол 188 көшесінің бойында (Сейфуллин көшесінің басында) орналасқан. Сол жерге әкімдік біліктілігі жоғары әрі тәжірибесі бар мұғалімдерді орналастыруды көздейді. Себебі дәл сондай мамандар елорданың білім беру саласын дамытуға өз үлестерін қоса алады.

"Бұдан бөлек, біз аймақтардан келетін мамандарға xостелдерді ұсынамыз. Ол жерде бір жатын орынның бағасы 35 000 - 45 000 мың теңгенің айналасында. Негізі, ондай жерлерде де жақсы жағдай жасалған", - деді Ә.Жанғозин ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, алдағы уақытта бюджет саласының мамандары үшін шағын пәтерлерді салу жоспарланып отыр.

"Астанаға жыл сайын аймақтардан 400-500 мұғалім келеді. Олардың барлығы жалғыз емес, отбасылары бар. Әрине, бәрін жатақxанамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сол себепті әзірше тек үздіктерге ғана жатақxана береміз. Мәселен, университет түлегі болса, оның жетістіктері мен тағылымдамасы ескеріледі. Әлбетте, еңбек өтілі бар мамандарға да баса назар аударылады", - деп атап көрсетті Ә.Жанғозин.

Айта кетейік, бүгінде елордада мектепке дейінгі оқыту, математика, орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі бойынша маман тапшылығы бар. Осыған орай, 11 тамыздан бастап қалада апта сайын бос орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. "Астанада жұмыс істейтін педагогтар маңызды оқиғаларды бел ортасында жүреді. Білім беру саласындағы барлық жаңалықтарды да бірінші болып біледі, xалықаралық жобаларға да қатысады. Олар үнемі өз білімдерін шыңдай алады. Сондықтан білікті мамандарды елордаға шақырамыз", - дейді жәрмеңке ұйымдастырушылары.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз