Жаңалықтар тізбегі
0

"Қате" қабылданған үкім резонанс тудырып, бүкіл жүйені сынға қалдырады - Жақып Асанов

sud.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2018 22:33 sud.gov.kz
Асанов әріптестеріне тағы бір үндеу жазды.

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов қазақстандық судьяларға арнаған үндеуінде «жылы жабылған» сот актілері туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғарғы Сот басшысы әріптестеріне жасаған үндеуінің үшінші бөлігін ең маңызды деп атады.

"13 шілдеде өткен қорытынды жиналыста мен өз шешімдерінде үлкен қателік жіберген судьялардың есімі мен қателік табылған нақты істерді атағанда әлеуметтік желілердегі белсенділік артты. Ол сот актілері «жылы жабылған» болды. Ешкім анық-қанығына жетпеу үшін іске қатысты жағдайды бұрмалап жіберген. Бұдан екі шешім ғана шығаруға болады. Сот төрағасы сауатсыз болғаны заң мен сот төрелігінің ұстанымдарын білмейді немесе ол біреудің айтқанын орындап отыр", - деді Асанов.

Оның айтуы бойынша, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Судьяның қабылдаған бір қате шешімі резонанс тудырады, бүкіл жүйені сынға қалдырады және басқа адал, сауатты және әділ төрешілердің үлкен жұмысын жоққа шығарады.

"Тіпті заңды өзгертсек те, біз селқос төрешілердің әрекеттерін жылдам өзгерте алмаймыз. "Қолмен басқару" режимінде олардың ойларын өзгертуге тура келеді. Сол себепті екі мезет. а) Сот қазылары қорытынды жиналыста аты аталған төрешілерге арнайы тексеріс жүргізіп, жауапкершіліктерін шешеді. б) Біз арасында осында істерді көпшіліктің назарына ұсынып, онлайн режимде талқылауға салып тұрамыз. Қыркүйек айынан бастап заң бұзатын төршілердің есімін атап тұрамыз. Өкінішке орай, бұған мәжбүрміз. Қуанатын жағдай емес. Осының бәрі әділеттілік үшін. Алдағы уақытта мұндай шараны қолдануға мүмкіншілік тумайтынына сенімдімін. Неғұрлым тез болса, бәріміз үшін соғұрлым жақсы болар еді" - деді Жақып Асанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: