Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

Қатты жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Сурет : baq.kz20 Тамыз 2018, 09:33

Бүгін атмосфералық тұтас бұлттардың келуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Түнде және таңертең солтүстік өңірлерде тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

20 тамызда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында да кей жерде күшті жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Бұршақ жауады деп күтілуде.

Қызылорда облысының кей аймағында күн күркіреп, дауыл соғады. Желдің екпіні - 15-20 м/с. Бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысында да солай - дауыл, найзағай. Желдің қарқыны - 15-24 м/с.

Шығыс Қазақстанда және түнде Ақтөбе облысында күн күркіреп, жел секундына 15-20 секундқа дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Желдің екпіні - 15-23 м/с. Күндіз күн күркірейді.

Атырау облысында түнде қатты жел тұрады.

Маңғыстау өңірінде түнде кей жерде күн күркірейді.

Алматы облысында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер