Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда заңсыз такси жүргізушілеріне айыппұл салына бастады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 16:08 ҚазАқпарат
Рейд барысында бір сағаттың ішінде үш заңсыз такси жүргізушісі анықталды.

Оралда такси қызметін ұсынуға рұқсат беретін құжаты жоқ жүргізушілерді жауапқа тартатын рейдтер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы такси қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, қаладағы такси жүргізушілердің жартысына жуығы жолаушыларды заңсыз тасымалдап жүр.

Рейд құпия клиент әдісімен жүргізіліп жатыр. Ол мобильдік қосымша арқылы таксиге тапсырыс береді. Ал жолаушының орнына таксиді құқық қорғау органдарының қызметкерлері күтіп алады. Рейдке жергілікті полиция қызметімен қоса көлік прокуратурасы және көлік инспекциясының өкілдері де қатысып жатыр.

Рейд барысында бір сағаттың ішінде үш заңсыз такси жүргізушісі анықталды.

«Жүргізушілерге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 571-бабының 1-бөлігіне сәйкес, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», - дейді Орал қалалық ішкі істер басқармасы жол-патруль қызметі батальонының полицейі Азамат Намазов.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: