Жаңалықтар тізбегі
0

Күз мезгілі Қазақстанға өз уақытында келеді

khabar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2018 18:13 khabar.kz
Қазақстан аумағына суық атмосфералық фронттар ығысады.

«Қазгидромет» РМК 30 тамыздан 3 қыркүйекке дейінгі ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күнтізбелік жаз мезгілі аяқталуға жақын, Қазақстан халқы оны тамыздың соңғы күндерінде сезінеді.

Қазақстан аумағына Батыс сібірден суық атмосфералық фронттар ығысады, соның ықпалынан еліміздің басым бөлігінде 30 және 31 тамызда жаңбыр жауады. Шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда нөсер жауын болады.

Антициклонның таралуына байланысты жаңбыр тоқтайды, бірақ температура төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндіз ауа температурасы 15-23-тен 8-15, ал түнде 2-7 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста күндіз 18-25°С болады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жазғы жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы 27-ден 34 градусқа дейін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: