Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбелік спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қола жүлдеге ие болды

Әділет Шалғынбекұлы 62 келі салмақ дәрежесінде белбеу күресінен қола жүлдені иеленді.

Сурет : Хабар 245 Қыркүйек 2018, 16:27

Ақтөбелік спортшы Әділет Шалғынбекұлы Көшпенділер ойындарында белбеу күресінен қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қырғызстан елінің Чолпон-Ата қаласында өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ақтөбелік спортшы Әділет Шалғынбекұлы 62 келі салмақ дәрежесінде белбеу күресінен қола жүлдені иеленді.

Әділет бірінші белдесуінде Өзбекстан елінің спортшысын айқын басымдылықпен жеңді. Алайда жартылай финалда Түркіменстан өкілінен 2:1есебімен жеңілілді. Ал қола жүлде үшін күресте қырғыз балуанынан айласын асырып, жеңіске жетті.

Айта кеткен жөн, 2 қыркүйек күні Қырғызстан елінде ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бастау алды. Биылғы сайысқа 80 елден 3000-ға жуық спортшы атлеттер келген. Олар 37 этноспорт түрі бойынша сынға түсіп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер