Жұма күні еліміздің кейбір өңірінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Baq.kz Baq.kz
Түнде және күндіз елдің бірқатар аумағында тұман түседі.

Атмосфералық фронталды бөліктер шығысқа бет ала отырып, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігіне ықпал етеді. Аталған аймақтарда жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның өзге аймақтарында күн ашық. Кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте желдің арты шаңды дауылға ұласады. Түнде және күндіз елдің бірқатар аумағында тұман түседі.

Aқмола, Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз елдің басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метр болып, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.

Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с болады.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, күндіз Павлодар, Aқтөбе облыстарының бірқатар ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар, Aқтөбе облыстарында тұман түседі.

Маңғыстау, Aтырау, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерінде күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғып, арты шаңды дауылға ұласады.

Түркістан облысында және Жамбыл, Қызылорда, Aтырау, Aқтөбе, Қарағанды, Aлматы облыстарының кйе жерлерінде өрт қаупі сақталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз