Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

«Парасатты полицейлер» Елбасы жолдауына қолдау көрсетуде

Нұрсұлтан Әбішұлы ішкі істер органдарын үнемі қолдап, қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешу, жалақысын көтеру, қызметіне жағдай жасау сынды тұстарда жан-жақты қолдап отырады.

Сурет : russianskz.info5 Қазан 2018, 17:58

«Парасатты полицей» республикалық байқаудың жеңімпаздары өз жеңісін ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арнады. Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдау жолдаған күніне тұспа тұс келген бас жүлделерін құқық қорғау саласына ерекше көңіл бөліп, тәртіп сақшыларының сапалы жұмыс жасауына қолдау көрсетіп отырған ҚР Президентіне алғыстарын айтып, жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтындарын айтты,-деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Алишер Исматұлы Жармағамбетов, СҚО ІІД инспекторы полиция аға лейтенанты: «Бүгін Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықына Жолдауын тыңдадық. Әсіресе, Жолдаудағы «... Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек. Полицейлер – халық арасындағы менің өкілдерім» деген сөзі жүрегіме өте жақын тиді. Бұл бізге, яғни, тәртіп сақшыларына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Нұрсұлтан Әбішұлы ішкі істер органдарын үнемі қолдап, қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешу, жалақысын көтеру, қызметіне жағдай жасау сынды тұстарда жан-жақты қолдап отырады. Полицейлер осындай мәртебеге лайық болуы керек деп ойлаймын.

Сондай-ақ, бүгін «Парасатты полицей» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті. Тәртіп сақшылары білімді, білікті, тәртіпке бағынатын және халқы үшін еңбек ететін қызмет иесі болса, бүгінгі жеңісіміз соның эталоны болмақ. Полиция қызметкерінің оң имиджін қалыптастыратын, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыратын осы конкурсқа біз бірнеше ай дайындалдық. 21 команданың ішінен топ жарғанымыз үшін өте қуаныштымын. Жыл өткен сайын конкурстың да деңгейі көтеріліп, талап күшейіп келеді. Аймақтық командалар арасындағы достық пен сыйластық та беки түсті.

Бүгінгі жеңісімізді Елбасының бүгінгі жолдауына қолдау ретінде, Елбасымызға арнаймыз.

«Парасатты полицей» республикалық байқауының көшпелі рәмізін қабылдаған Маңғыстау облысына барып, келесі жылы да үздік атану жоспарымызда бар.»

Айта кетейік, бұдан бұрын еліміздің барлық өңірінен ішкі істер органдарының қызметкерлері жиналып, еліміздің «парасатты полицей» командасын анықтайтын байқауда өнер көрсетіп, Солтүстік Қазақстан облысы ІІД намысын қорғаған «15-ші өңір» командасы топ жарып, бас жүлде иеленгені туралы хабарлағанбыз. Келесі жылы аталған байқауды өткізу құқығына Маңғыстау ІІД қызметкерлері ие болып, көшпелі рәміздерін салтанатты түрде қабылдады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер