Елімізде психикалық ауруға шалдыққандар көбейді

360tv.ru 360tv.ru
Алматыда қазір мұндай дертпен ауыратын 10 600 адам диспансерлік бақылауда тұр.

Қазір дүниежүзінде 450 млн-ға жуық адам психикалық ауруларға шалдыққан. Біздің елімізде де бұл көрсеткіш бойынша жағдай көңіл көншітпейді деп жазады Қазақстан телеарнасы.

Тіпті, Алматыда қазір мұндай дертпен ауыратын 10 600 адам диспансерлік бақылауда тұр.

«Бұл былтырғы есепке қарағанда, 14 есе көп», - дейді мамандар.

Дәрігерден кеңес сұрап отырған жігіт бізге бет-жүзін көрсетуден бас тартты. Өйткені, 2 ай бойы психикалық сауықтыру орталығында ем алған азамат келесі аптада шығады.

Ол «тұрмыстық қиындықтардың кесірінен осындай ауруға ұшырадым», деп отыр.

Науқас: - Үйдегілер осында жат, - деді. Сосын емделіп шықтым.

Мамандардың сөзінше, психикалық ауытқуға шалдыққан жандардың 75 пайызына шизофрения диагнозы қойылған. Яғни, тұқым қуалайтын дерт.

Одан кейін мидың органикалық зақымдануы, туабітті ақыл-есінің кемтарлығы мен әлеуметтік жағдайдың кері әсері көп.

Ең қиыны, науқастар психологқа уақытында қаралмайды.

Сапар Рахменшеев, «Психикалық сауықтыру орталығының» МКК директоры: - Қазір қарапайым адамдарға психологқа бару керек десе, оларда бірден үрей пайда болады. Сондықтан, қазіргі таңда осы орталықта отырған біздің психиатр дәрігерлеріміз қалалық емханалардың құрамында, сол жерде халықты қабылдап жатыр.

Десек те, психологтар елімізде суицидтің жыл санап азайып келе жатқандығын жеткізді. Мысалы, Алматыда биыл 772 адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл өткен жылға қарағанда 38 адамға аз. Ал, былтыр екі жасөспірім өлген.

Айман Абирова, психолог: - Бізде қазір түрлі әдістемелер бар. Соның арқасында әр науқаспен жүйелі жұмыс істейміз. Оның танымын, өмірге деген көзқарасын өзгертуге, өзін жігерлендіруге күш жұмсаймыз.

Қазір психикалық ауытқу ауруларынан сақтану үшін тиісті министрлік деңгейінде жол картасы жасалған. Соның шеңберінде психикалық интеграция жұмыстары жүріп жатыр.

Бірақ, бұл салада маман тапшы. Сондықтан, психикалық сауықтыру орталығына биыл 21 дәрігер қосымша жұмысқа тартылмақшы.

Амангелді Сейітхан

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз