Димаш Құдайберген Қазақстан жастарын қолдауға шақырды

zakon.kz zakon.kz
Димаш Құдайбергеннің жеке концерті енді Ұлыбритания мемлекетінде берілмек.

Өз өнерімен әлемді тәнті еткен Димаш Құдайбергеннің жеке концерті енді Ұлыбритания мемлекетінде берілмек. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлаған болатын, деп хабарлайды Stan.kz.

Осы орайда Димаш қазақстандықтардан жастарды қолдауды сұрап, өзінің Лондонда өтетін жеке концертіне билеттердің сатылымға шыққанын Инстраграм парақшасында жазды.

Айта кетсек, аталған концертті ҚР мәдениет және спорт министрлігі Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырады. DQ символдық атаулы шоу 19 қарашада Ұлыбритания астанасындағы ең беделді концерт залдарының бірі Royal Festival Hall-да өтеді. Басталуы сағат 19.00.

Димаштың өнерін жоғары бағалайтын жанкүйерлер қазақстандық әншіге концертінің жақсы өтуіне тілектес болып, жағымды пікірлер қалдыруда. Сонымен қатар, желі қолданушылары Димаштың осындай жетістікке жеткенін мақтан тұтып, кезекті концертінен ерекше тосын сый күтетіндерін жарыса жазуда.

«Лондондағы концертіңнен ерекше тосын сый күтеміз. Әрдайым сені қолдаймын», «Алтын балам Димаш, концерт жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін, саған тек сәттілік, Құдай сені әрдайым қолдасын» деген пікірлер жазылуда. Бұдан бөлек Құдайбергеннің шетелдік жанкүйерлері де қуанышты жаңалыққа жағымды пікірлер қалдыруда.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-10/1539841408_0000.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз