Еліміздегі ең қымбат шыршаның құны белгілі болды

Novate.ru Novate.ru
Қалталы тұрғындардың бірі ә дегеннен сатып алған.

Ең қымбат шыршаның құны 6 миллион теңге! Алматылық кәсіпкерлер Жаңа жылдың басты символы үшін бір жақсы көліктің құнын сұрап отыр. Қала тұрғындары да мерекеге бола шығындалуға кет әрі емес сияқты. Бұл туралы zakon.kz, КТК телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Ең қымбат шырша 6 миллион теңге тұрған. Ал биіктігі - 6 метр болған. Қаланың қақ ортасындағы сауда үйлерінің бірінде саудаланған Жаңа жыл символы сөреде ұзақ тұрмапты.

Қалталы тұрғындардың бірі ә дегеннен сатып алған. Десе де, басқалары көңілін түсірмесе болады. Өйткені сатылымда әлі 4 миллион теңгенің шыршалары бар.

Ал ең арзаны - 5 мың теңгеден басталады. Тіпті тегіндері де бар. Оларды сатушылар жетім балалар мен жағдайы төмен балалы отбасыларға ғана сыйға тартамыз дейді.

Расул Құрманғалиев, кәсіпкер: -Көп балалы жағдайы төмен отбасылар мен интернаттағы бүлдіршіндерге шыршаларды тегін береміз. Жаңа Жылды олар да терезесі тең болып қарсы алса екен дейміз. Бүгінгі күннің өзінде 100-ден аса шырша тараттық. Әлі де 500 шыршамыз бар беретін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз