Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскеменде толғақ қысқан әйел дәріханада босанып қалды

Тіпті, жедел жәрдем шақыртып үлгермеген.

Сурет : elorda.info9 Қаңтар 2019, 16:56

Өскеменде кенеттен толғағы қысқан әйел дәріханада қыз баланы өмірге әкелді. Оқиға 3 қаңтар күні Киров көшесінің бойындағы дәріханалардың бірінде болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жедел жәрдем жетіп үлгермейтін болғандықтан, дәріхана қызметкерлері оны өздері босандырып алады.

Фармацевттер Венера Икласпаева мен Роза Турбаеваның айтуынша, әйелдің толғағы кенеттен басталып кеткен. Бұлардың, тіпті, ойлануға да уақыты болмаған.

-Мұндай жағдайға бірінші рет тап болдық. Бірақ бәрі сәтті өтті, – дейді олар.

Жаңа босанған әйел мен сәбиді жедел жәрдем қызметкерлері перзентханаға жеткізеді. Оны босандырып алған дәріханашылар ауруханаға барып, жағдайын біліп тұрыпты.

Белгілі болғандай, әйелдің есімі Жадыра екен. Ол – Аягөз қаласының тұрғыны. Облыс орталығына дәрігерге қаралуға келген.

-Босануға әлі ерте екеніне сенімді едім. Бұл бесінші балам. Роза мен Венераға маған көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін алғысым шексіз, – дейді ол.

Дәріханада дүниеге келген қыздың есімін Айкүнім деп қойыпты. Қазір ол анасымен бірге аман-есен Аягөзге оралды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер