Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Тәжікстан көші-қон бағыты бойынша бірлесіп жұмыс жасамақ

zagran.guru, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2019 00:09 zagran.guru
Құжат бірқатар бағыт бойынша ақпарат алмасуды көздейді. Осының аясында, статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпарат, тараптағы мемлекеттер аумақтарындағы елдер азаматтары туралы мәліметтер ескеріледі.

ҚР Парламенті Сенатының пленарлы отырысында депутаттар Тәжікстан мемелекетімен арадағы көші-қон қарым-қатынасы, азаматтардың келуі аясындағы бірлесіп жұмыс жасау туралы бірқатар ратификацияланған құжаттарды қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz

Бұл "Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы үкіметінің арасындағы көші-қон саласы бойынша келісімді ратификациялау" заңы болып табылады.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, келісімді ратификациялау жағдайында көші-қон ағымдарын реттеу мен азаматтық мәселелерді шешу үшін қолайлы болмақ.

"Құжат бірқатар бағыт бойынша ақпарат алмасуды көздейді. Осының аясында, статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпарат, тараптағы мемлекеттер аумақтарындағы елдер азаматтары туралы мәліметтер ескеріледі. 2018 жылы шілдеде келісім Тәжікстан парламентімен ратификацияланған", - деді министр.

Сондай-ақ, отырыста "Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы Қазақстан азаматтарының Тәжікстан аумағында және Тәжікстан азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР заң жобасын қабылдады. Келісім азаматтардың екі тарап аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз және тараптар аумағында жалпы 90 күн болуын көздейді.

Минстрдің айтуынша, келісім Тәжікстанның парламентімен ратификацияланып қойған.

"Келісімді ратификациялау заңсыз миграцияға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Халықаралық құқықтық нормаларға сай мемлекет аумағында жүрген адамдардың келуі мен транзиттеудің жұмысын біршама жеңілдетеді. Аталған заңды қабылдау әлеуметтік-экономикалық жағымсыз жайттар мен құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды және қосымша қаржыны талап етпейді", - деп түйіндеді өз сөзін ведомства басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: