Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан трансұлттық ҰҚТ-тың жолы кесілді

Днепр Час, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2019 21:51 Днепр Час
Ұсталғандардан бағасы 3 млн теңгені құрайтын сирек кездесетін 11 келі есірткі тәркіленді.

Жамбыл облысында Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жол кесілді, - деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомства өкілдерінің хабарлауынша, соңғы алтый бойы Жамбыл облысы ПД ҰҚТК басқармасының қызметкерлері Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдаумен және өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты анықтау барысында қарқынды жұмыс жасалған. Шара барысында есірткі саудасына қатысы бар тұлғалар анықталып, құрықталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2019 21:51

"19-қаңтар күні Жамбыл облысы ПД ҰҚТК, ЕСКБ, КПБ және ҚР ҰҚК ШҚ "Оңтүстік" Аймақтық Басқармасы қызметкерлерінің кәсіби жұмыстарының арқасында Жуалы ауданы мен Астана қаласында сегіз адамнан құралған топ тұтқындалды. Жедел-іздестіру шарасының барысында салмағы 11 келі тартатын өте сирек кезедесетін марихуанна есірткі заты (үнді кендір шөбі) анықталып, тәркіленді. Аталған есірткі Қырғызстанның аумағында 3 000 000 теңгеге сатып алынған, әрі одан үш еседен аса пайда көру көзделген", - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2019 21:51

Қазіргі таңда Жамбыл облысының Полиция департаментімен ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағының 1 бөліміне сәйкес сот алды тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: