Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Бірінші орынды норвегиялық спортшы иеленсе, екінші орынға Германия өкілі табан тіреді.

Сурет : Ашық дереккөздерден25 Қаңтар 2019, 11:57

Шаңғы спортынан Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды baq.kz.

Сергей Ткаченко тұғырдан секіруден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алтын медальді норвегиялық Томас Маркенг иеленді. Ол 252.1 ұпаймен жалпы есепте көш бастаған болатын.

Екінші орында 250.8 ұпай жинаған Германия өкілі Лука Роуз.

Қазақстандық Сергей Ткаченко 248.9 ұпай жинап, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл әлемдік додада Қазақстан спортшылары жеңіп алған алғашқы жүлде екенін айта кеткен жөн.

Сергей Ткаченко 19 жастағы спортшы. Бұл оның мансабындағы ең үздік нәтижелердің бірі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер