Жаңалықтар тізбегі
0

Б. Сағынтаев Халықаралық паралимпиада комитетінің президентімен кездестіі

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2019 16:22 primeminister.kz
Кездесу барысында 12–20 шілде аралығында Астанада Пара пауэрлифтинг бойынша өтетін әлем чемпионаты жайлы талқыланды.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен кездесу өткізді. Бұл туралы Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында елімізде және әлемде паралимпиадалық спорт түрлерін одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ Қазақстанда биыл Аstana-2019 пара пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионатын өткізуге қатысты мәселелер талқыланды. Осы халықаралық деңгейдегі ауқымды әлеуметті спорт жобасы Қазақстанда пара пауэрлифтинг түрлерінің дамуына жаңа серпін беретіндігі атап өтілді.

Пауэрлифтингке жарыстық тәртіп ретінде үш жаттығу кіреді: жауырынның үстіңгі бөлігіне зілтемір қойып отырып тұру, көлденең орындықта жатып зілтемір көтеру, зілтемір тарту — бұлар тұтас алғанда спортшының біліктілігін анықтайды. Пара пауэрлифтинг — бұл мүмкіндіктері шектеулі жандар арасындағы жарыс.

2018 жылғы 4 шілдеде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Қараөткел шағын ауданында орналасқан Қазақстандағы алғашқы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы ашылды. Аталған Орталық жазғы және қысқы паралимпиадалық спорт түрлерінен ұлттық құрама командалар мен спорт резервтерін сапалы әрі кәсіби даярлауға арналған.

12–20 шілде аралығында Астанада өтетін Пара пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионаты — Токио-2020 паралимпиада ойындары алдындағы ақтық лицензиялық жарыс. Жарыстарға әлемнің 90 елінен 400 спортшы қатысады деп жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: