Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев ІІМ жылу беретін ұйымдарды бақылауға алуды тапсырды

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2019 17:28 24kz
Жылу беретін ұйымдарды жеке өз бақылауыңызға алыңыз, өңірлердегі барлық тұрғын үй-коммуналдық қызметтері тұтұнушыларды жылумен және жарықпен қамтамасыз ететін болсын - премьер-министр.

Қазақстанның премьер-министрі ішкі істер министріне алда келе жатқан аязды күндері жылу шығаратын ұйымдарды жеке өз бақылауына алуды тапсырды. Ол мұндай тапсырманы үкімет отырысында хабарлады, деп жазды Zakon.kz тілшісі.

"Алдағы тәуліктерде бірқатар өңірлерде аяз болғалы тұр. Осыған байланысты ең бірінші болып техникалық қауіпсіздік ережесіне баса мән берулеріңізді сұраймын. Жылу жүйелерінде жылу беру қарқыны ұлғаяды, барлығы пештерді қатты жағады. Техникалық қауіпсіздік ережесіне баса мән беріңіздер",- деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ премьер-министр ІІМ-не жылыту маусымы аяқталғанша атқарушы органдармен бірлесіп, өрт-қауіпсіздік айлығын өткізуді тапсырды.

"Жылу беретін барлық ұйымдарды жеке өз бақылауыңызға алыңыз, өңірлердегі барлық тұрғын үй-коммуналдық қызметтері тұтұнушыларды жылумен және жарықпен қамтамасыз ететін болсын, барлығы нақты әрі апатсыз жұмысауы қажет, ал әкімдіктер әлеуметтік желілерді қатаң бақылауға алсын", - деді ол.

Бұдан бөлек, Сағынтаев әкімдер мен ішкі істер министрінің назарын жеке тұрғын үйлердегі тексеріс жұмыстары қалай жүріп жатқандықтарына аудартты.

"Тексерушілер жеке тұрғын үйлерді тексеруге келгенде, кейбіреулердің алғашқы қойатын сұарғы: егер сіз төлемесеңіз мен ештеңені тексермеймін. Барлығы осыдан басталады. Осыған мән беріңіздер. Егер біз мұқият болсақ, мұндай жағдайларға жол бермейміз", - деп сөзін түйіндеді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: