Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Қарақшылар 200 мың теңге мен 18 тонна дизель отынын қолды қылған.

Сурет : Lenta.ru5 Ақпан 2019, 17:46

Алматы облысының полициясы "Комсомол-Чапай" автожолының бойында орналасқан жанармай құю бекеттерінің біріне 31-қаңтар күні қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Күдіктілер алдын ала келісім бойынша қылмыстық ойларын іске асыру мақсатында бетперде киіп, жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған. Күзетші мен оператор қызды байлап тастап, кассадағы 200 мың теңгеге жуық ақша және алдын ала дайындалған арнайы көлікпен 18 тонна дизель отынын қолды қылған",- деп хабарлап отыр тәртіп сақшылары.

Жедел іздестіру шаралары барысында Іле ауданының полицейлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады.

"Бұл іс бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-тармағына сәйкес қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған ірі көлемдегі дизель отыны заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды",- деді ведомство өкілдері.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер